Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1515605999

" Сафуан Шәймерденов  атындағы қалалық классикалық гимназия" КММ
  • kz




  • Наурыз айының 5-күні С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Қамқоршылық Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
    Күн тәртібінде:
    -Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;
    -Аз қамтылған отбасы оқушыларына әлеуметтік көмек көрсету;
    -Мектеп алаңын көгалдандыруға қатысу.
    -Әртүрлі мәселелер.











    Қамқоршылық кеңес хаттамалары 2020-2021 оқу жылы (Жүктеу)

    Қамқоршылық кеңес хаттамалары 2020 (жүктеу)
    Қамқоршылық кеңес


    Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
    26 сәуір С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде үй тағамдары, балық өнімдері, жеміс-жидектер, сүт тағамдары және сусындар сатылды. Түскен қаржы аз қамтылған отбасы балаларына көмекке жұмсалады.


    Кітапқа жаңа өмір бер

    Гимназияның қамқоршылық кеңесінің ұйымдастыруымен 16 мен 20 сәуір аралығында «Кітапқа жаңа өмір бер» және «Меценат бол..» акциялары жарияланды. Акцияға ата-аналар, оқушылар және гимназия мұғалімдері атсалысты. Кітапханаға оқырмандардан 120-дан астам көркем шығармалар сыйға тартылды. «Меценат бол..» акциясы бойынша кеңсе тауарларын арнайы қойылған жәшіктерге салып, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға беруді қамқоршылық кеңесінің мүшелері жоспарлауда.

     


    Жаңа жыл қарсаңында...

     

    Жаңа жыл әлемнің барлық елдерінде қуанышпен атап өтілетін ең сүйікті және жарқын мерекелердің бірі. Жаңа жыл — бұл керемет армандар мен жаңа мақсаттарды байланыстыратын ертегі іспеттес.

             28 желтоқсан күні С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда    аз қамтылған   отбасы балаларына  арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шара  мереке қарсаңында балаларға бақытты, қуанышты көңіл-күй  мен қуаныш сыйлау мақсатында өткізілді. Қайырымдылық шара  өткізу барысында 26 бала қамтылды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Келдеғұлова Айзат Нүркенқызы балаларды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, табыстар тіледі. Кеңес мүшелері балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді.

        



      
     
     




     
    2018-2019 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы.
     
    1   








     
     







    Гимназия директоры Мұқанова Күлтай Ахметқызы

    Қалалық классикалық гимназияның мектеп формасы гимназист талабына сай ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки