Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1515605999

" Сафуан Шәймерденов  атындағы қалалық классикалық гимназия" КММ
  • kz
  • Мұражай

    Мектеп мұражайының ережесі.

    Өз қызметінде мұражай Қазақстан Республикасының  Конституциясы негіздерін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Мұражай туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Президент  жарлықтары, Білім және мәдениет саласындағы ҚР Үкімет  қаулылыры және аталған ережені басшылыққа алады.

     Мұражайдың заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Бөкетов көшесі 35 А. Индекс 150000  

    Мұражайдың филиалдары мен өкілдіктері болмайды.

         Облысымыздың бірқатар мектептері өз мұражайларын ашып, бұқаралық тәрбие орталығына айналып отыр.

    «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ҚР Президентінің Жолдауын орындауда мектеп мұражайы ел болашағы жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол білім мен тәрбиенің орталығы. Мұражайлар оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына сәйкесті жүргізіледі. Мектеп мұражайының өзіндік ерекшелігі оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, еңбек, патриоттық, эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасайды.

    Қалалық классикалық гимназиясындағы мұражай ұлттық жәдігерлермен, қосымша электрондық материалдармен толықтырылды.

    Мұражай зерттеу жұмыстарын жүргізу, есепке алу, сақтау, ұлттық жәдігерлер тарихын насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын ояту жолында жұмыс атқаратын ғылыми зерттеу, оқу-тәрбие және мәдени орталық болып табылады.

     

    Мұражай қызметінің бағыттары:

    -       Ғылыми-зерттеу жұмыстары құжат және мәліметтер, заттық деректер жинау оларды ғылыми түрде жүйелеу, халық арасында сақталып қалған жәдігерлерді жинастыру, оларды есепке алу, арнайы тақырыптық іс-шаралар жүргізу;

    -       Тарихи этномәдени зерттеулер, ұлттық мәдениетті насихаттау;

    -       Мұражайды рухани, мәдени орталыққа айналдыра отырып, оқушылардың патриоттық рухын ояту, тарихи жәдігерлерді сақтау, құрметтеуін қалыптастыру бағытында қызмет етеді.

    -       -Кәсіпорын қызметі азаматтарды мәдени өмір ортасына тарту.

    -       -Материалдық және рухани мәдениеттің мұражай жәдігерлерін және мұражай топтамаларын оқып білу, есептеу, сақтау және түсіндіру.

    -       Мұражайдың шығармашылық және ағартушылық өзара әрекеттесуін ұйымдастыру.

    -       Тарихи-мәдени мұралардың қорын құру.

    -       Мұражай қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін бағдарламалар, семинарлар, конференциялар арқылы арттыру.

    -       Гуманитарлық идеяларды насихаттау.

    -       Қызмет түрлеріне байланысты семинарлар, мұражай сабақтарын ұйымдастыру.

    -       Ғылыми әдістемелік оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді шығару.

    -       Мұражайға керекті буклет, жарнама, хабарлау каталогтарын оларды арнайы сұрау бойынша шығару.

     

     

     

     

    Мұражай қызметінің мақсаты:

           Қазақтың ғасырлар бойы жинақталған мәдениетін сақтап, жалғастырып, жасөспірімдерге танытып жеткізу.Мұрағаттарды қорғау мен жинақтау аясында жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

    Мұражай қызметінің міндеттері:

          Тақырыптық жоспар жасау, заттық айғақтық дүниелер жинау, жәдігерлердің аталуын ғылыми түрде анықтап жазу, мұражай қызметін жүйелі жүргізу, тарихи-мәдени орындарға саяхаттар ұйымдастыру және оны құжат түрінде жинақтап отыру.

    Мұражай қызметі:

           Мұражай қызметі мұражай кеңесі арқылы жүзеге асады. Мұражай    кеңесі мұражайдың тақырыптық жоспарын бекітіп, негізгі бағыттарын айқындайды. Экспозициялардың тақырыбын, құрылымын белгілейді.

    Мұражай кеңесі:

           Мұражай кеңесінің төрағасы мұражай меңгерушісі болып табылады. Мұражай кеңесінің мүшелері мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі, толықтырылады. Мұражай жұмысының қорытынды есебі мұражай кеңесі отырысында бекітіледі. Олар өздерінің жалпы жиналыстарын өткізіп отырады. Кеңес іздестіру-жинау жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар береді.  Мектеп мұражайы жұмысының табысты болуы мұражайға жауапты адамның мұражай ісіне мамандануына педогогикалық шеберлігіне байланысты. Бұл жерде оқытушы, ата-баба мұрасы тарихи құндылықтарды сақтауда қоғам алдында моральдық жауапкершілігімен ерекшеленеді және қызмет жасайды.

     

     

     

    Мұражай жұмысының негізгі жоспары:

    1. Кеш, кездесу, түрлі мәдени шараларды бейнетаспаға түсіріп, мектеп мұражайын мектеп тарихымен толықтыру.
    2. Оқушылар мен мектеп оқушыларының баспасөз беттерінде жарияланған шығармаларын жинақтау.
    3. Мұғалімдер мен оқушылардың қолмен жасалған құнды деген заттарын мұражайға тапсыруларын қадағалау.
    4. Мектепке келген елімізге белгілі қонақтардан қолжазба естеліктер алуды жалғастыру.
    5. Ардагер ұстаздармен байланыс орнатып, дәстүрлі мерекелермен құттықтап, ақыл-кеңестер алып отыру.
    6. Бүліне бастаған экспонаттарды қалпына келтіру (реставрациялау).
    7. Келген қонақтарды, бірінші сынып оқушыларын мұражаймен таныстыру.
    8. Көне мәдени заттармен мұражай ішін толықтыру.







    Гимназия директоры Мұқанова Күлтай Ахметқызы

    Қалалық классикалық гимназияның мектеп формасы гимназист талабына сай ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки