Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған "Ұлы жеңіс жасасын!"
Бүгін С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған "Ұлы жеңіс жасасын!" атты мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.