Меню KDT
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.png?_=1515605999

" Сафуан Шәймерденов  атындағы қалалық классикалық гимназия" КММ
  • kz
  • Назар Аударыңыз!











     


     

        Слайд короновирус



      

       

    https://cloud.mail.ru/public/3aCv/Uy5x368xG    


           
     





        



    Балалырдың тәрбиесі, құқықтары мен қауіпсіздігі бейнероликтері
    Ата-аналар назарына!


     


     


    Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!

                 





    ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ


    Қазіргі кезде әлеуметтік желілер "Вконтакте", "Мой Мир", халықаралық "Facebook", "LinkedIn" және тағы басқалар кең таралған. Статистика бойынша, Қазақстандық интернет қолданушылардың 62,4%  "Вконтакте" желісінде, 25,9% "Мой Мир" желісінде, ал 22,7% "Одноклассники" желісінде отырады. Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді. Көптеген жастардың ата-аналары бүл үрдістің әсерінен қауіптеніп отыр.  Себебі, көбінесе 10-18 жастағы жасөспірімдер мұндай әсерге тап болады. Ал бұл жасөспірімдердің негізгі әлеуметтендіру, оның психика мен дүниетанымын қалыптастыру кезеңі болып табылады.

    Статистикаға жүгінсек, жастардың 49,2% әлеуметтік желіні күнделікті, 19,7% аптасына бір рет және 9,1% айына бір рет тексереді. Бұл деректер ата-аналарды мазалап қана қоймай, психолог дәрігерлердің, мұғалімдердің де ойын қауіптендіреді. Себеі, бұл жастардың қоғамдық, психологиялық дамуына әсер етеді. Сонымен қатар, ғаламтор адамның физикалық денсаулығына ықпал береді. Мысалы, 15 жасар жасөспірім күніне 4 сағат экран алдында отырса, физикалық күшке тек шамамен 1 сағат қана уақыт бөлінеді.  Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына көз жеткіздік. Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестікті де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемді байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу және алмасу мүмкіндігі және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бірақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзіледі, сенімсіздік пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесі сияқты ауруларға шалдығады.

    Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық

    -себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;

    -ғаламторға қажетсіз кіре беру;

     -жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;

     -уақыт өлшемінің жоғалтуы;

    -желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;

    -міндеттерді ой елегіне алмау; 

    кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;

    -тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;

    -ашушаңдық көрсету,

     көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы.

     Егер бұл белгілер сізге сай болса, онда сізде тәуелділіктің болғаны. Енді, бұл тәуелділіктен қалай айырылуға болады деген сұрақ туындайды. Алдымен, салауатты өмір салтына,  жүзбе-жүз қарым-қатынасқа деген махаббатты ояту керек, яғни шынайы өмірге қайтып келу деген мағынаны береді. 

    ШЫНАЙЫ ӨМІР ВИРТУАЛДЫ ӨМІРДЕН ӘЛДЕҚАЙДА ЖАҚСЫ ЕКЕНІН ҰМЫТПАУЫМЫЗ КЕРЕК!




    АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰҚА МҰЗ!

    ЖАДЫНАМА

      Су айдынындағы мұз – жоғары тәуекелді аймақ. Облыстың су айдынындағы мұз үстінде болған кезде азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан төтенше жағдайлар жиі орын алады. Бұндай санатқа мұз астында балық аулаумен айналысатындар мен балықшылар жатады. Жұқа мұзға қарамастан балықшылар шұңқыр тесіп балық аулауға шыдамдары жетпейді. Балықшылар мұзға асығып, нәтижесінде не болатындығын ойламайды. Жаңа ғана қатқан су айдынында болу өте қауіпті екендігін ұмытпау керек.

     Мұз-өте қауіпті. Мұзға шығуға асықпаңыз, ол берік болып көрінгенмен шын мәнінде өте жұқа әлсіз ересек адамды қоя тұрып, баланың салмағын да көтере алмайды. Жаңа мұз ескі мұздан қарағанда қара түсті және біркелікті қармен қапталғанымен ерекшеленеді.

     Есте сақтаңыздар, көктемгі мұзға шығу керек жағдайда ғана және өте абай болуларыңыз керек. Су айдынында мұздың қалындығы барлық жерінде бірдей емес. Жұқа мұз көл жиегінде, иілімдерде, иінінде, қатып қалған заттардың маңында, жер асты қайнар көзінде, жылы суды су ағызу су айдыны орнында және кәріз жүйесінің ағындыларында орналасқан. Адамның мұзда негізгі қауіпсіз жағдайда болуы, оның салмаққа қойылатын қалындығына сәйкес болып келеді. Су айдынындағы мұз жамылғысының қалыңдығы 12 сантиметр болса, онда ол шығу үшін қауіпсіз болып табылады.

     


    АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

    Жадынама

    Халыққа хабарлаймыз: Жолда абай болыңыз, көктайғақ! Көктайғақ төтенше жағдайлардың. себептерiнiң бiрi.

    Олар тек жүргiзушiлерге ғана емес, сонымен қатар автокөлiктерге де төтенше бола алады. Көктайғақ кезiнде апаттардың болу мүмкiндiгi жоғарылайды. Жүрiгушiлер үшiн негiзгi жағдайлар— жаң-жақты көрiп, төмен жылдамдық және абай болушылық.

    Көктайғақ кезiнде жүргiзушiлерге де қауiп төндiредi. Жарақаттанғандардың қатарында болмау үшiн мына ережелердi орындау қажет:

    · Өзiңiздiң аяқ киiмiңiзге назара ударыңыз: табаны тайғақ материалдан жасалмаған, ыңғайлы аяқ киiм алыңыз. Ал сәнқой әйелдерге биiк өкшелi аяқ киiмнен бас тартуға ұсынылады;

    · Аяқ астына қарап, қауiптi жерлерде өтпеуге тырысыңыз. Егер су болған, «мұзды» жерден өтуге мүмкiндiк болмаса, шаңғышы сияқты өтуге тырысыңыз, кiшкентай тайғақ қадамдар мен.

    · Көлiк өтетiн жерлерде сақ болыңыз. Асықпаңыз және жүгiрмеңiз.

    · Таудай төбешiк жерлердi өтуге тырысыңыз.

    · Егер сiз көктайғақта құласаңыз, онда құлаған сәтте, сүйектерiңiздi жарақаттанбай, жерге ақырын құлауға тырысыңыз. Қолда ұстап тұрған затыңызды құтқаруға тырыспаңыз. Көтерiлуге тырыспаңыз, өзiңiздi қарап шығып, жарақаттар жоқ екенiне көз жеткiзiңiз, кетiп бара жатқандардан көмек көрсетуiн сұраңыз.

    Есте сақтаңыздар: ең қауiптiсi арқаға, бетiңiзбен жоғары құлау болып табылады. Себебi мұнда мидың шайқалуына тап бола аласыз. Жарақат алған кезде мiндеттi түрде дәрiгере барып, медициналық көмек алыңыз.

    Көктайғақ құбылысы

    Автокөлiкшiлерге ақыл:

    Жолдардағы көктайғақ құбылысының болуы апаттық оқиғалардың болу мүмкiндiгiн тәуекелi жоғарылатады, сондықтан да мүмкiндiгiнше көлiк жүргiзуден бас тартыңыз, ал мұндай мүмкiндiк болмауы кезiнде қосымша қауiпсiздiк шараларын сақтаңыз.

    Көктайғақ жағдайында көлiктi төмен жылдамдықпен жүргiзу керек. Сондай-ақ алда келе жатқан көлiкен ара қашықтықты ұзарту қажет. Екi жақта келе жатқан, қатар немесе қарама-қарсы кележатқан көлiктердiң ара қашықтығы да сәйкесiнше ұзартылуы қажет. Көпiрлерде, жолы тез қататын, өту жолының көп деңгейлi жерлерiнде ерекше абай болған жөн.

    Қоғамдық автокөлiктер тоқтайтын аялдамаларда және жүргiншiлер жүретiн жерлерде өтетiн кезде алдын ала жылдамдықты төмендетiңiз. Құрметтi азаматтар, жолда абай және сақ болыңыз!


    Абайлаңыз, су тасқыны

    ЖАДЫНАМА

    Көктемдегі  күннің жылы сәулелері, тұман мен жылы жел өзен-көлдегі мұздың жылдам еруіне әсерін тигізеді. Көктемгі су тасқынының болып қалар қатері ұлғая түседі. Еріген қар сулары өзен-көлдер мен ойларға қарай сарқырап ағуды бастайды. 

    Көктемгі су тасқыны кезінде балалар оқыс жағдайларға жиі ұшырайды. Балалардың көпшілігі қалқыған мұзға немесе салға отырып жүземіз деп сақтық шараларын ұмытады. Аталған ермектердің соңы қайғылы жағдайларға душар етеді. Сондықтан да оқыс жәйттердің  алдын алу үшін бала-шағамен сақтық шаралары туралы алдын алу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Осы мерзімде ата-аналар үйде, тәрбиеші, мұғалімдер балабақша мен мектепте сақтық шаралары жайында әнгіме-кеңестер өткізулері қажет.

    Құрылыс ұйымдары, коммуналдық қызметтер, жылу жүйесі мен жерасты суағарларының қақпақтарын жабуды, жөндеу жұмыстары кезінде пайда болған котлавандарды ескерту белгілерімен қоршауды мұқият есте ұстаулары керек.

    Су тасқыны кезінде қатаң тыйым салынды: өзендер мен су жиналған жерлердегі өткелдерді пайдалануға; мұздың жүруін көпір үстінен, жағалауға жақын жерде тұрып қызықтау; су шайып кететін, опырылатын жағаға жақындамау; сынған, бүлінген жүзу құралдарын пайдалануға, оларға мөлшерден тыс адам отырғызуға.

    Айтылған талап, ескертулерді кез-келген азамат үнемі есінде сақтасын!


    Сабақты тоқтату туралы хабарлама





    Құрметті гимназия ата-аналар қауымы!

    Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға білікті мамандардың уақытылы қызмет көрсетуі үшін психологиялық көмек және кеңес беру үшін онлайн қолдау көрсету қызметі «Әлеуметтік төлем орталығының Тізімаралық» Дирекциясының, СҚО бойынша «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет»» АҚ хатының негізінде ұйымдастырылды.

    Қазақстандық-Ресейлік медициналық университеті психологиялық көмек пен кеңес беруді тәжірибелі мамандар арқылы ұсынады.

    Қызмет көрсетудің жұмысы Интернет-ресурсының «SKYPE» бағдарламасын қолдану арқылы жүзеге асады. Университеттің кеңесшілерімен байланысу үшін мына мекен-жайға кrmu1411 кіру қажет.

    Гимназия директоры Мұқанова Күлтай Ахметқызы

    Қалалық классикалық гимназияның мектеп формасы гимназист талабына сай ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки