Сафуан атаға
Жаралғансың топырағынан Сұлуқия,
Туған жерің-мақтаның,жылы ұя.
Таныстым шыққан орта,белесіңмен.
Сырласып «Бір таба нан», «Инешіңмен».
Саңана ұялаттың сүйікті ұстаз-Шияп даналығын,
Жүрегіңе ұялаттың ұлы Абай даралығын.
Адамдықтың,кісіліктің үлгісі деп,
Табыныпсың «ардың құлы» Бейіс анаңа да.
«Жанар мен Данар», «Шалдуар»-
Балаларға базарлық
Өзіндік үн мен қолтаңбаң
Қабырғалы қаламгердей даралық.
Сафуан ата,мақтан етіп есіміңді,
Ұрпағың жүр болашақтың есігінде.
Білім,еңбек –бар бақыт өзімізден,
Үйрендік біз кітапқа құмарлықты өзіңізден.